ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ СИМПОЗИУМЫ- 2014

Сіздерді, мақсаты емдеу мен диагностиканың ең заманауи әдістерін талқылау, сонымен қатар онкология саласындағы соңғы технологиялық және клиникалық жетістіктер туралы ақпараттармен бөлісу болып саналатын Халықаралық Онкология Симпозиумына қатысуға шақырамыз.

Қосымша көру

Симпозиум Қазақстандағы онкологиялық қызметтің дамуына және 2016 жылдың соңына таман Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын (ҰҒОО) құруға бағытталған Назарбаев Университеті мен UPMC (Питтсбург Университетінің Медициналық Орталығы) ынтақтастығы аясында өткізілмекші. ҰҒОО алдыңғы қатарлы технологиялар мен әлемдік тәжірибені өңірлік дәрежеде кейіннен трансферлеумен енгізе отыра, онкологиялық дерттерді диагностикалау мен емдеудің деңгейін көтеретін және жетекші тәжірибенің орталығы болуы тиіс. Осылайша, ҰҒОО еліміздің барлық аймағына обырды емдеудің жаңа әдістерін табыстауға мүмкіндік беретін болады.

President

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

Құрметті әріптестер,

Сіздерді, 24- 26 қыркүйек аралығында болатын Халықаралық Онкология Симпозиумына қатысуға шақыру мен үшін үлкен құрмет. Аталған шарада онкология саласындағы жетекші мамандар, онкологиялық дерттің алғашқы диагностикасы мен емдеудегі соңғы жетістіктері жайында, әрі олардың экономикалық тиімділігі және ғылыми- зерттеу қызметін жүргізу туралы пікірлерімен бөліседі.

Қосымша көру

Симпозиумның негізгі міндеттері:

  1. Онкология саласындағы білім  және дағдылармен өнімді алмасуды жүргізу.
  2. Емдеу мен диагностиканың ең заманауи әдістерін талқылау, сонымен қатар онкология саласындағы соңғы технологиялық және клиникалық жетістіктер туралы ақпараттармен алмасу.
  3. Корпоративтік жүйенің, ғылым және білім сияқты түрлі деңгейінде әлеуетті серіктестіктермен тиімді қарым- қатынас құру.

Қазіргі Қазақстанның Денсаулық сақтау ахуалы, онкологиялық дерттерден өлім - жітімді азайту туралы белсенді іс - шаралардың жүргізілуін талап етеді. Біз, Қазақстанның ғылыми онкологиялық медициналық мекемелерінде диагностика, алдын- алу және емдеудің сапасын көтерудегі аталған мәселе, Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын ашу арқылы шешімі табатындығын көріп отырмыз. Осы Орталықтың бірден- бір міндеті- Қазақстан өңірлеріне кейіннен оларды трасферттеумен, ең жаңа технологиялар мен тәжірибелерді тарту.

Біз, осы Симпозиумға онкологиялық дерттерді емдеу және диагностикалау саласындағы өздеріңіздің жетістіктеріңізбен бөлісуге және болып жатқан мәселелерді талқылауға келетіндеріңізге, әрі Орталықтың болашағымен және оның жоспардағы мүмкіндіктерімен танысатындықтарыңызға кәміл сенеміз. Осылардан басқа, Симпозиумға қатыса отыра, біздің астанамыздың әсер берер қонақжай орындарына бола аласыздар.

Астана қысқа мерзім ішінде бірегей өзінің сәулеттік шешімдерімен жаңаланды және оны  әлем мойындады. Нәтижесінде қала екі жағалауға ие болды, біреуі- қаланың кеңес кезіндегі бөлігіне айналса, келесісі- әсірелі заманауи Дубаи мәнерінде. Сіз, Еуразия мәдениетінің жергілікті бейнесін қадір-қасиетімен бағалауға мүмкіндік аласыз. Міндетті түрде, қаламыздың ең басты символикасы - қаланың тамаша көркін тамашалауға мүмкіндік беретін 97 метрлі Бәйтерек мұнарасына барыңыз. Нағыз Мальдив аралдарының құмы бар жабық жағажай орналасқан, 150 метрлі мөлдір шатырлы-  «Хан Шатыр» сауда- сауықтыру кешенін де көріңіз. Сонымен бірге, Тұран даңғылы бойында орналасқан ұлттық тағамдардың астанамыздағы ең үздік мейрамханаларына да соғыңыз.

Біз, Халықаралық Онкология Симпозиумы, Қазақстан -2014 -ке, Сіздерді тағатсыздана күтеміз.

Тамаша тілектермен,
Доктор Кеннет Алибек

President

СИМПОЗИУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қатысушылар: Дүниежүзінің дәрігерлері

Симпозиум тақырыптары:
Қоғамдық денсаулық сақтау
Обыр дертін емдеудегі көп салалы әдіс
Обырдың алдын алу мүмкіндігі
Ауырсынуды емдеу/ Паллиативті жәрдем

СИМПОЗИУМ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮКТЕУ

Өтетін жері: Rixos President Astana Hotel қонақүйі
Дінмұхамед Қонаев к-сі 7, Астана қ., Қазақстан

Өтетін уақыты: 2014 жылғы 24 – 26 қыркүйек

Халықаралық Онкология Симпозиумының баяндамашылары: Толық тізімді қарау

Шигео Катсу (Shigeo Katsu)
Президент, Назарбаев Университеті, Қазақстан

Кен Алибек (Ken Alibek), Медицина ғылымының докторы, Философия докторы
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқармасының төрағасы, Қазақстан

Дэвид Бартлетт (David Bartlett), Медицина ғылымының докторы
Хирургиялық онкология бөлімшесінің басшысы, UPMC Онкология орталығы, АҚШ

Алессандро Бертани (Alessandro Bertani), Медицина ғылымының докторы
Жетекші хирург,Өкпені транспланттау бағдарламасы бойынша маман, ISMETT, Италия
Торакальды хирургия және өкпені транспланттау бөлімшесінің басшысы, ISMETT, Италия

 Адам Бруфски (Adam Brufsky), Медицина ғылымының докторы, Философия докторы, FACP
Гематология/онкология бөлімшесі басшысының көмекшісі, қосымша басшы, Сүт безі обырын кешенді емдеу орталығы,
Директордың көмекшісі, клиникалық зерттеулер жөніндегі департамент, UPMC жанындағы Мэг-Ги әйелдер ауруханасы, АҚШ

Дональд Бурке (Donald Burke), Медицина ғылымының докторы
Питтсбург Университетінің қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің деканы(GSPH), Жаһандық Денсаулық сақтау институты ректорының орынбасары, UPMC жанындағы Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы Health Science Jonas Salk профессоры, АҚШ. 

Эдвард Чу (Edward Chu), Медицина ғылымының докторы
Гематология/онкология бөлімшесінің басшысы, Питтсбург Университетінің Онкология институты директорының орынбасары, АҚШ

Нэнси Дэвидсон (Nancy Davidson), Медицина ғылымының докторы
Питтсбург Университеті Онкология институтының және UPMC Онкология орталығының директоры, онкология саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі ректордың орынбасары, , онкология саласындағы Хилман профессоры, медицинаның, фармакологияның және химиялық биологияның  құрметті профессоры, Питтсбург Университеті, АҚШ

Роберт Эдвардс (Robert Edwards), Медицина ғылымының докторы
Ана бездері обыры орталығының директоры, Мэг-Ги әйелдер ауруханасы, UPMC онкогинекология бойынша бағдарламаның басшысы, АҚШ

Бруно Гриделли (Bruno Gridelli), Медицина ғылымының докторы
UPMC Халықаралық департаментінің және коммерциялық қызмет көрсету департаментінің медициналық және ғылыми директоры, ISMET медициналық және ғылыми директоры, Италия 

Дуайт Херон (Dwight Heron), Медицина ғылымының докторы
Клиникалық мәселелер жөніндегі Вице- президент және профессор, Питтсбург Университеті Медициналық мектебінің радиациялық онкология департаменті; директор, радиациялық  онкология департаменті, UPMC Онкология орталығы , UPMC төрағасы Шедисайд , АҚШ

Маргарита Зули (Margarita Zuley), Медицина ғылымының докторы
Радиология профессорының көмекшісі, Питтсбург Университеті, сүт бездері сәулелі диагностика орталығының медициналық директоры, UPMC жанындағы Мэг-Ги әйелдер ауруханасы, АҚШ

БҮгін тіркеліҢіз

ТІРКЕЛУ

Осы шараға тіркелу қазіргі уақытта жабық. www.nroc.kz сайтына кіріңіз.

Қатысушыларды орналастыру

«Rixos President Astana» отелі

Бізден тіркелгендігіңіз расталғаннан соң және Rixos отелінде орналасуға ынта білдірсеңіз брондау үшін нысанды пайдаланыңыз.

Веб-сайтқа кіру

БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ

* МІНДЕТТІ ЖОЛДАР

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Барлық сұрақтар бойынша Симпозиум ұйымдастырушысына хабарласыңыз:
Айгерим Кеңпейіл, эл.мекен- жай: aigerim.kengpeiil@nu.edu.kz, ұялы: +7 (778) 3978037
Куленова Дана, эл. мекен-жай: danchikul@gmail.com, ұялы: +7 (701) 220 65 55